$480.11 €532.25 ₽5.14
×

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады

AstanaTV
02.10.2024ж. 11:11
81
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Astana TV.

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, - делінген Ақорданың мәліметінде.

1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.