$457.09 €508.42 ₽5.67

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

28.10.2026ж. 21:40
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды.

Анкарада Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтіп, келіссөз басталды

Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Анкарада Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтіп, келіссөз басталды Анкарада Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтіп, келіссөз басталды Анкарада Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтіп, келіссөз басталды Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысатыны хабарланған еді. https://kaz.inform.kz/news/kasim-zhomart-tokaev-pen-rezhep-tayip-erdogan-auezhay-zalinda-az-kem-angmelest-54d1f571 Түркия Анкара

Түркия