$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Ел өміріндегі елеулі өзгерістерде жастардың рөлі өте зор

03.10.2024ж. 20:00
67
Ел өміріндегі елеулі өзгерістерде жастардың рөлі өте зор

Ел өміріндегі елеулі өзгерістерде жастардың рөлі өте зор. Осы орайда «AMANAT» партиясының жастар қанаты – «Жастар Рухының» белсенділігі ерекше. Білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл құндылықтар «Жастар Рухына» басты бағдар болып, жұмысына серпін беруде. Жастар қоғамдық жұмысқа қызу араласып жүр. Көктемгі су тасқыны кезінде де белсенділер алдыңғы шептен табылды. Жастар қанаты Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына да ерекше атсалысуда.

ГҮЛФАЙРУЗ МҰРАТБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Тобылды су басып кеткенде сол кезде біз волонтер болып, ер балалар қаптарды құмға толтырып, қыздар сол жердегі адамдарға шай тамақтарын беріп жүрді.Қыстың кезінде мысалға ата-апалардың есігінің алды қар басқанда,соларға көмектесіп тұрады.Вандализмге қарсы, осы ескерткіштерді тазартып сонда да жүреміз.

Тобыл өңірінде 1200-ден астам жастар қанатының белсендісі бар.Олар Қостанайдағы барлық қоғамдық жұмыстарға атсалысып келеді.Еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін қол ұшын созып, қолтығынан демейді.

АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастарға арналған патриотизмді дамытатын «Менің елім- менің тілім» атты жоба бар.Яғни қазақша сөйлей алмайтын азаматтар арасында оларды кәдімгі тұрмыстық тілге үйрету курстары тегін түрде. «Менің елім- менің туым » акциясы да жастарды патриотизмге бейімдеуге арналған іс- шаралар кешені.