Биыл алғашқы жарты жылдықта Қазақстанға 3,4 миллион турист келген. Отандық қонақүйлер, кемпингтер және туристік базалар 3,9 миллион саяхатшыны қабылдапты. Оның 14,2 пайызы -шетелдіктер. Туристер әсіресе, Алматыға ағылады. Дәл қазір әріптесім Айдана Шалқар әсем қала Алматыдан тікелей эфирге қосылуға дайын. Айдана, қалаға биыл қанша саяхатшы келіпті, өзіңіз толығырақ айтсаңыз? Алматы жұртты несімен қызықтырады?
АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:
Қайырлы кеш, көрермен. Иә, Қасымхан, Алматыға биыл осы уақытқа дейін 1 млн 70 мың турист келіпті. Күз келіп, күн салқындаса да, саяхатшылар саябырсыған жоқ. Қазір біз республика сарайының жанында тұрмыз. Көпшілік мұнда Көктөбеге аспалы көлік арқылы шығу үшін келеді. Қытайдан, Ұлыбританиядан келген қонақтарымызбен де тілдесіп көрдік.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Алматы – өте әдемі қала. Біз тұрақтаған қонақүйдің іші де өте жайлы екен. Егер мүмкіндік болса, Алматыға келесі жылы тағы да саяхаттап келер едім.
- Маған тау қатты ұнап жатыр. Табиғаты да ерекше. Оның үстіне халқы да өте қонақжай екен, көмектесуге дайын тұрады. Өткен жылы Астанада болғанмын, енді Алматыны көргім келді. Қазақ асханасы өте керемет әсер қалдырып жатыр.
- Біз достарымызбен Қытайдан келдік. Демалысымызды Алматыда өткізгіміз келді. Бізге сіздердің тағамдарыңыз қызықты көрінеді. Дәл қазір ұлттық тамақтардан дәм тату үшін мейрамхана іздеп жүрміз.
Алматыға келген шетелдік туристердің көбі- 26-35 жас аралығындағылар. Жалпы саяхатшылар Алматыда орта есеппен бес күн өткізеді және күніне шамамен 334 доллар жұмсайтын көрінеді. Шетелдік азаматтардың 42 пайызы қонақүйде тұрақтайды. Қазір менің қасымда қалалық туризм басқармасы, талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы Мақпал ханым тұр.
МАҚПАЛ ӘБДІҚАДЫР, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Саяхатшылар көбіне қай елден келеді және Алматының қай аймақтарына жиі барады?
Әрине, келушілер көбейген сайын, олардың қауіпсіздігі де маңызды. Бұл ретте Алматыны туристер үшін қауіпсіз қала деп айта аламыз ба?
АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:
Жауабыңызға рақмет! Тағы да айта кеейік, биыл Алматы қаласы New York Times газеті жариялаған «Баруға тұрарлық 52 жер» тізіміне енді. Ал, Қазақстан топ-24 туристік бағыттың қатарына кірген. Мендегі бар ақпарат осы. Қасымхан, сөз кезегі өзіңізде.