$488.11 €530.09 ₽5.01
×

ТМД елдерінен бақылаушылар келді

03.10.2024ж. 20:00
289
ТМД елдерінен бақылаушылар келді

Астанаға ТМД Бас хатшылығының өкілдері келді. Бұл олардың Қазақстандағы 18-ші бақылаушылық миссиясы. Халықаралық институт атынан Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше өзге де елдерден 74 делегат аккредитациядан өтті. Миссияны ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов басқарады. 

ЛЕОНИД АНФИМОВ, ТМД БАС ХАТШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Дауыс беруден кейін үйлестірушілер кеңесі республикалық референдумға шығарылған сұрақ бойынша дауыс беру барысы туралы түпкілікті мәлімдеме әзірлеу үшін жиналады. Сондай-ақ ондағы мәлімдеме қорытынды баспасөз конференциясында жарияланады. Қазақстанның барлық дерлік өңірлері, әсіресе, табиғи апат болған өңірлерде дайындық қалай жүріп жатқанын бақылауға тырысамыз.