Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тарифті көтерген компания әкімшілік жазаға тартылмайтын болды

AstanaTV
20.04.2017ж. 20:00
2260
Тарифті көтерген компания әкімшілік жазаға тартылмайтын болды

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті қостанайлық компанияның тарифті негізсіз көтергенін дәлелдемек. Сотқа апелляциялық шағым түсірген. Ал бұған дейін Астанада өткен сотта «Транспорттық сервис орталығына» қатысты қозғалған әкімшілік өндіріс тоқтатылған. 

По делу об административном правонарушении, предусмотренном ч.5 ст. 164 в отношении АО «ЦТС» в связи с отсутствием в действиях акционерного общества состава административного правонарушения.

Еске салайық, комитет компанияны темір жол тасымалындағы тарифті негізсіз көтеріп, бірқатар кәсіпорынды тығырыққа тіреді деп айыптады. Акционерлік қоғамның жаңа ережесіне наразылық білдірген 50-ге жуық кәсіпкер Монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне шағым жолдаған. Кезектен тыс тексеріс жүргізген қаржы министрлігінің жұмыс тобы «Транспорттық сервис орталығы» қызмет құнын тұйық жолдың ұзындығы бойынша есептеп, еселеп заңсыз пайда көргендігін айтты. Сондай-ақ министрлік бекіткен келісімшарт үлгісіне өзгерту енгізіп, әкімшілік заңбұзушылыққа жол бергені анықталған.