Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Көп қабатты үйдің шатырында селфиге түскен балалардың ата-анасы, жағдай қайталанса, әкімшілік жауапқа тартылады

AstanaTV
20.04.2017ж. 20:00
2893
Көп қабатты үйдің шатырында селфиге түскен балалардың ата-анасы, жағдай қайталанса, әкімшілік жауапқа тартылады

Павлодардағы көп қабатты үйдің шатырында селфиге түскен оқушылардың ата-анасына ескерту жасалды. Егер экстремалды селфи қайталанатын болса, ата-ана 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Үйдің төбесінде суретке түскен 6 жасөспірім бейнені ғаламторға жүктеген күні анықталып, ұсталған. Олардың барлығы оқушы. Жасөспірімдер үйдің төбесіне күннің батуын көру мақсатында шыққан көрінеді. Олар шатырға өрт сөндіру сатысымен емін-еркін көтерілген. Осыны ескерген полицейлер шаһардың тұрғын-үй коммуналдық қызметіне бұл аумақтарды түгел тексеру туралы ұсыныс жібергенін айтады. Ал қауіпті селфи жасайтын ересектерге жаза бұдан да қатаң.

Мария Гафурова, Павлодар қалалық ІІБ инпсекторы:

Егер болашақта бұл әрекеттері қайталанса, балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапқа тартылмақ. Жасөспірімдердің ата-анасы айыппұл төлеуге міндетті. Ал баланың жасы 17-ге толса, онда ол қамауға алынады.