Павлодардағы көп қабатты үйдің шатырында селфиге түскен оқушылардың ата-анасына ескерту жасалды. Егер экстремалды селфи қайталанатын болса, ата-ана 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Үйдің төбесінде суретке түскен 6 жасөспірім бейнені ғаламторға жүктеген күні анықталып, ұсталған. Олардың барлығы оқушы. Жасөспірімдер үйдің төбесіне күннің батуын көру мақсатында шыққан көрінеді. Олар шатырға өрт сөндіру сатысымен емін-еркін көтерілген. Осыны ескерген полицейлер шаһардың тұрғын-үй коммуналдық қызметіне бұл аумақтарды түгел тексеру туралы ұсыныс жібергенін айтады. Ал қауіпті селфи жасайтын ересектерге жаза бұдан да қатаң.
Мария Гафурова, Павлодар қалалық ІІБ инпсекторы:
Егер
болашақта бұл әрекеттері қайталанса, балалардың заңды өкілдері әкімшілік
жауапқа тартылмақ. Жасөспірімдердің ата-анасы айыппұл төлеуге міндетті. Ал
баланың жасы 17-ге толса, онда ол қамауға алынады.