$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам", - М.Әшімбаев

06.10.2024ж. 12:00
222
"Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам", - М.Әшімбаев

"Референдум – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды қадам". Өз таңдауын жасаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы мен Мемлекеттік кеңесші және Мәжіліс төрағасы да өз учаскелеріне барып, дауыс берді. 

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жалпыұлттық референдумда дауыс берді. Сенат Спикері өз таңдауын Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан нөмірі 164-ші учаскеде жасады. Ол бұл күннің тарихи күн екенін атап өтті.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі жалпы осы реферкндумды бұл елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара деп те қабылдау керек. Осындай ауқымды шаралардың аясында халықтың пікірі естіліп, халықтың пікірі ескеріліп, мемлекеттік органдар шешім қабылдайтын болса, әрине біз барлық алға қойған мақсаттарға жетеміз.

Ал Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов “Қазақ Темір жолы” ұлттық компаниясында орналасқан нөмірі 163-ші референдум учаскесінде дауыс берді. Бүгін халық болашақ үшін дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз дейді Палата спикері.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, “AMANAT” ПАОТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекеттің болашағына қатысты, болашақ тағдырына қатысты шешім қабылданып жатыр. Ең негізгісі ол шешімді халық қабылдап жатыр. Мен ойлаймын ең негізгі мәселе осы бүгінгі.

Ал Ерлан Қарин болса Ұлттық кітапханаға таң атысымен алғашқылардың бірі болып барып, сондағы референдум учаскесінде дауыс берді. Өз кезегінде Мемлекеттік кеңесші Референдумның маңызы туралы айтты.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Референдумда еліміздің экономикалық дамуымыздағы өзекті бір мәселеге қатысты өзіміздің шешімімізді білдіреміз. Бұл шешімге байланысты еліміздің экономикалық-даму стратегиясының бағыты айқындалатын болады.

Пермьер-министр Олжас Бектенов бас қаладағы Оқушылар сарайындағы референдум учаскесінде дауыс берді. Үкімет басшысы ел ертеңі үшін референдумдағы әр адамның дауысы маңызды екенін жеткізді.