$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада 21 мың мүмкіндігі шектеулі азамат дауыс беру құқығына ие

06.10.2024ж. 12:00
248
Астанада 21 мың мүмкіндігі шектеулі азамат дауыс беру құқығына ие

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да ел үшін маңызды саяси науқанға белсене атсалысуда. Ерекше жандардың кедергісіз дауыс беруіне қандай жағдай жасалған? Тілшіміз Мөлдір Жақан референдум учаскесінен тікелей эфирде ақпарат беруге дайын. Мөлдір, сөз өзіңізде.

МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Дауыс беру кезінде ерекше жандардың қажеттіліктері ескерілген. Бүгінде елордада 36 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Олардың ішінде дауыс беру құқығына 21 мың адам ие.

348 аумақта пандустар, тұтқалар, тактильді белгілер орнатылған. 464 референдум учаскесінде көру қабілеті бұзылған азаматтар аудионұсқаны тыңдағаннан кейін бюллетеньді өз бетінше толтыра алатын трафаретпен қамтамасыз етілген. Бұдан өзге Брайль шрифті трафареті де қарастырылған.

МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Дәл қазір мен № 331-ші учаскеде тұрмын. Азаматтық белсенділік танытып, ел үшін маңызды күні өз таңдауын жасауға келген жандардың бірі - Влада Бартусевич. Жасы 19-да. Влада ханым, сіз бүгін алғаш рет референдумда дауыс бердіңіз. Қандай әсердесіз?

ВЛАДА БАРТУСЕВИЧ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көру қабілеті бұзылған жандарға тиісті жағдай жасалған ба? Сіз Брайль шрифтін жетік меңгергенсіз, солай ғой?
Көп рақмет!

МӨЛДІР ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Құрметті көрермен, айта кетейік, қала бойынша 66 инватакси қызметі бар. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы 2 мыңнан астам жеке көмекші мен сурдоаудармашы тартылған. Ал жүріп-тұруы қиын азаматтардың үйден дауыс беруге мүмкіндігі бар.