$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Атыраулық жігіт әке-шешесін өлтіріп, кейін өзі асылып қалған

07.10.2024ж. 20:00
272
Атыраулық жігіт әке-шешесін өлтіріп, кейін өзі асылып қалған

Атырауда сұмдық жағдай болды. Жас жігіт әке-шешесін өлтіріп, кейін өзі асылып қалған. 25 жастағы жігіттің осынша қатігездікке неге барғанын полиция тергеп жатыр. Қазір әлеуметтік желіде қылмысқа қатысты түрлі әңгіме желдей есіп жүр. Ондағы мәліметке сенсек, жас жігіт ата-анасына бірнеше рет пышақпен соққы жасаған. Тіпті ақ параққа «кешіріңдер мені»,- деген жазба қалдырыпты. Жігітті бірі ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі лудоман болған деп сан-саққа жүгіртуде. Полиция жігіттің бұрын соңды істі болмаған және есірткімен тіркеуде тұрмағанын айтты. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Атырау облысы полиция департаментінде адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 63 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.