Рудныйдағы диірменнің бірінде төрт жұмысшы көз жұмды.Полиция қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Жұмысшылар диірмендегі бункерді тазалап жатқан. Олар 5 метр тереңдіктен сыртқа шыға алмай қалған көрінеді.Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, марқұмдардың денесін құтқарушылар алып шықты. Оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.
ЕРДЕН НҰРЖАНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі дереу жетті. Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерлен алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері олардың көз жұмғанын анықтады.Оқиғаның мән-жайы анықталуда.