$484.37 €531.06 ₽5.05
×

Қызылжарда жер үй отқа оранып, 3 адам тірідей өртеніп кеткен

07.10.2024ж. 20:00
78
Қызылжарда жер үй отқа оранып, 3 адам тірідей өртеніп кеткен

Қызылжарда жер үй отқа оранып, 3 адам тірідей өртеніп кеткен. Арасында 3 жасар сәби бар. Қайғылы оқиға қала шетіндегі Рабочий кентінде болды. Түнгі үш шамасында куәгерлер жеке баспанадан өрттің шыққанын байқап, төтенше жағдай қызметіне хабарлаған. Құтқарушылар мен полицейлер келіп, үйден мүмкіндігі шектеулі азаматты шығарып үлгерген. Алайда, өкінішке қарай, өзгелерді құтқару мүмкін болмады. Тілсіз жау 40 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызын және бір ер адамның өмірін жалмады. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

ЕВГЕНИЙ ЖУРАВЛЕВ, СҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Өрт алдымен бір үйден шығып, кейін сол маңайда тұрған қора мен екінші жер үйге көшті. Өртеніп кеткен қос үй жалға берілген. 3 адамның мәйіті бір үйден табылды. Барлығы да ұйықтап жатқан. Қазір мәселенің мән-жайын анықталып жатыр.