BBC-ге сілтеме жасаған «Егемен Қазақстан» газеті - ғалымдар велосипедпен
жүру рак пен жүрек аурулары қаупін екі есе азайтатынын анықтады, -деп жазды.
Зерттеу нәтижелері Британ медицина журналында жарияланған. Бес жылға созылған
зерттеуге 250 мың британдық, олардың ішінде рак диагнозы қойылған 3748, жүрегі
ауыратын 1110 адам қатысқан. 5 жыл ішінде олардың 2430-ы қайтыс болған. Зерттеу
нәтижесінде велосипедпен жүру өлім қаупін ракпен ауыратындарда 45%-ға, жүрегі
ауыратындарда 46%-ға азайтқан. Зерттеуге қатысушылар велосипедпен аптасына
орташа есеппен 48 км жүрген. Бірақ көп жүрген сайын, денсаулық та жақсара
берген. «Бұл зерттеу велосипедтің адам денсаулығына пайдасын көрсетті.
Сондықтан веложолдарды көбейту керек», деген зерттеуші докторлардың бірі
Джейсон Гилл. Ғалымдардың айтуынша, аптасына орташа есеппен 9-10 км жаяу жүру
жүрек аурулары қаупін азайтады. Бірақ мамандар жаяу жүргеннен гөрі велосипедтің
тиімді екенін айтқан. Велосипедпен жүру арқылы спорт залға бармай-ақ, денсаулықты
нығайтуға болады. Тек оны күнделікті тұрмыстың бір бөлігіне айналдыру керек.
Алайда олай етуге «шұғыл өзгеретін климаттық белдеуде» тұрамыз...