Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елбасы ЕХРО көрмесі басталғанша қаланың дайындығын таңертең ерте өзі жүріп тексеретін болды

AstanaTV
21.04.2017ж. 20:00
2269
Елбасы ЕХРО көрмесі басталғанша қаланың дайындығын таңертең ерте өзі жүріп тексеретін болды

Нұрсұлтан Назарбаев ЕХРО көрмесі басталғанша қаланың дайындығын таңертең ерте өзі жүріп тексеретін болды. Халықаралық көрменің ашылуына санаулы күндер қалғанда ЕХРО мен Астананың дайындығын пысықтаған Президент осылай деді. Көрме нысандары дайын, ал елорда қонақтарды қарсы алуға әзір емес. Мемлекет басшысының қала дайындығына көңілі толмағаны сонша, шаһар басшысын жерден алып, жерге салды. Сонымен Астана 5 миллион адамды қабылдауға дайын ба? Қалған 50 күнде Әсет Исекешов не тындырады? Айгүл Әдепбай тыңдап қайтты.

Айгүл Әдепбай, тілші:


Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі әне-міне ашылады деп отырғанда, президент үлкен жиын өткізіп, Астананың дайындығын жаратпай тастады. Бас қаланың басшысы Әсет Исекешов сынның астында қалды. Президентке есеп берген ол "біздерде мынадай бар, мынадай бар" деп мақтанғысы келіп еді, мемлекет басшысы кемшіліктерді көзге шұқып, шенеуніктерді шықпыртып алды.

2 млн 300 мың турист. ЭКСПО-ға осынша адам келмек. Ал көрмеге барлығы 5 млн адам қатысады деген жоспар бар. Алайда бас шаһардың «дастарханы» дайын емес. Әкімі ерте тұрмайды, көшелерді араламайды. Жақсы әкім таңғы 5-тен тұру керек, деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Посмотрите, как у нас выглядит центр города. Сейчас, вот смотри, центр города, а там с той стороны театр оперы знаменитый наш, видишь, еще другие места есть. Вот центр города. О чем мы говорим? Вот туда туристы пойдут, сфотографируют, покажут по всему миру. Лицо города помыли, а задница вся дырявая.

Президент ескі үйлерді сүріп, бір үйге мыңдаған адам тіркелетін мәселеге нүкте қойыңдар деді. Ал жауапты орган басшыларының аузына сөз түспей қиналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

"Прописка в Астане, дешево, через ЦОН. Адресная справка 15 минут, прописка постоянная, временная, законно, через ЦОН, адресная справка, через 10-15 минут. Помогу восстановить удостоверение личности, загранпаспорт даже сделаю". Значит, МИД продает паспорт. "Регистрация иностранных граждан..." - вот, называют, какие страны. Что за безобразие?

Амантай Әубәкіров, Астана қаласы ІІД бастығы:

Те кто проживали, выписаны оттуда.

Елбасы бұдан былай тұрғын үйлер тек инвесторлар есебінен салынсын деген тапсырма берді. Мүмкін Астана халқын 2 млн-ға жеткізудің қажеті де жоқ шығар деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

И не надо строить, не надо расширять. Чем больше строим, тем больше заселяется людей сюда. У нас такой задачи нет. Конечно, надо больше все стараться, чтобы сейчас уже дальше строительство жилья должно идти за счет частных инвестиций и ГЧП. Не надо государству вкладывать. Нет - нет, не будем дальше вкладывать. Все. Есть частники, которые хотят построить, продать жилье - пусть строят. Поручаю акиму Астаны внести предложение по компактной застройке столицы. 

Шетелдік қонақтар келгенде, көрмеде жүрмейді, көлік кептелісінде тұрады. Ол аздай қоқыстың ортасында жүреді, деп сынады Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Некоторые застройщики даже не вывозят свой мусор. Везде по городу, смотри, много мусорных свалок. Раньше такого при Адильбеке Рыскельдиновиче даже не было. Посмотри, Асет, строительный мусор.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

После зимы всегда такая проблема есть. Мы сейчас выходим с предложением по законодательному урегулированию, потому что строители, к сожалению, вывозят, выбрасывают у нас, и ничем не регулируется.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В столичном городе особый климат есть, особое отношение, люди другие должны быть. А мы до сих пор от старого Акмолинска все никак не можем, сортиры то убрали, а неприятный запах до сих пор остается, образно говоря.

Мемлекет басшысы Елордада қолданылмай, бос тұрған мәдениет нысандарын да сынады. Мәдениет министрі де түк бітіріп отырған жоқ деп, Арыстанбек Мұхамедиұлын да түйреп өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Вместе с министром ни хрена не делаете вы!

Айгүл Әдепбай, тілші:

Астананың көлік кептелісі, жарығы аз көшелері, сұрғылт тартып тұратын үйлері, жер асты жолдары мен көлік тұрақтарының жетіспейтіні, үгітілген тротуар тастары мен үйлердің құлап жатқан  фасадтары - бәріне тағылар мін табылды. Бір қызығы, қалған 50 күнде Астананың басшысы Әсет Исекешов бұлардың қайсы бірін реттеп үлгереді екен. Таяқ жегендермен қоса, мақтау естігендер де болды жиында. Елбасы ЭКСПО көрмесінің басшысы Ахметжан Есімовті ақшаны үнемдеп, құрылысты дер кезінде аяқтағаны үшін мақтады. Өйткені бюджетке 25 млрд теңге қайтарылса керек. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ