Бүгін елімізде батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, жел күшейеді. Оңтүстік және шығыс өңірлерде айтарлықтай ауа райы өзгерістері болмайды, деп хабарлайды Astana TV.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 08 қазанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 08 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 08 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 08 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 08 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 08 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 08 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оскемен қ.: 08 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 08 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 08 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 08 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 08 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
08-09 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 08-09 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 08-09 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.