$488.11 €530.09 ₽5.01
×

«МәҺрге 150 млн теңгенің көлігін сұрады»: Жахан Отарғалиев жеке өмірі туралы айтты

AstanaTV
08.10.2024ж. 13:26
292
«МәҺрге 150 млн теңгенің көлігін сұрады»: Жахан Отарғалиев жеке өмірі туралы айтты

Актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев жеке өмірінде болып жатқан жаңалықтарын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі бір арумен көріскенде болған қызықты жағдайды айтып берді. 

 «Біреумен кездесіп жүрсің бе? Біреумен таныстың ба? Үйленейін деп жатырсың ба? Бұл маған өте жиі қойылатын сұрақтар. Иә, танысқанмын. Жақында кездескенбіз. Сөйлесу барысында «Мәһрге не сұрайсың?» дегемін. Жаңа Gelandewagen сұрады. Құны 150 млн теңге. Не істеді деп ойлайсыңдар», - деп оқырмандарын ойландырып қойды актер.

Актер көпшілік көмегіне жүгініп, бойжеткенге қымбат көлікті әперген қаншалықты дұрыс екенін сұрады. 

«Үйлену туралы ойланасың ба? Әрине, ойланамын. Көбінесе түскі ас ішкен кезде ойланамын», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.