$484.37 €531.06 ₽5.05
×

Димаш Құдайберген елші болып тағайындалды

AstanaTV
08.10.2024ж. 14:10
199
Димаш Құдайберген елші болып тағайындалды

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Astana TV.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Олардың арасында Димаш Құдайберген де болды.

Хатшылық отырысына қатысушылар бес үміткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Олар:

Иерусалим Патриархы III Феофил;

Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;

Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен.