$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Маған 10-12 күн бұрын хабарласқан еді»: Арман Дүйсеновтің көз жұмған ұлы Баян Алагөзовадан неге көмек сұраған

AstanaTV
08.10.2024ж. 17:45
217
«Маған 10-12 күн бұрын хабарласқан еді»: Арман Дүйсеновтің көз жұмған ұлы Баян Алагөзовадан неге көмек сұраған

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы композитор досы Арман Дүйсеновтің үлкен ұлының қазасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін өз әріптестерімнен қаралы хабар алдым. Досым Арман Дүйсеновтің баласы өмірден өтіпті. Бұл өте қайғылы хабар. Осыдан 10-12 күн бұрын Арманның ұлы Абылай маған хабарласты. Ол осыған дейін мүлдем хабарласпаған. Ол «Баян әпке, сіздің көмегіңіз керек» деді. Бір телешоуда бірқатар танымал тұлға Арман мен оның отбасы туралы жеке дүниелерді жеткізетінін айтты. Ол сол бағдарламаның эфирге шықпауын сұрады. Ал ол шоудың эфирге шығуына 2 сағат қалыпты. Мен өте кеш екенін, көмектесе алмайтынымды жеткіздім. Абылайдың маған қоңырауы әкесінің аты туралы жаман пікірге жол бермеу еді. Кейін оның анасы хабарласып, ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол әкесін қатты жақсы көретін», - дейді Баян Мақсатқызы.