Шымкентте төрт бірдей көлік отқа оранды. Оқыс жағдай қала сыртындағы Жібек жолы базарында болды. Қатар тұрған үш фураның кабинасы мен тағы бір жеңіл автокөліктің алдыңғы бөлігі жанған. Жүк көліктер көкөніске толы болған. Тауар иелері түнгі екілер шамасында болған жағдайдың өздеріне тек таңертеңгісін хабарланғанына өкпелі. Айтуларынша, фуралар Ресей азаматтарына тиесілі. Ал көлікте болған қыруар өнім бүлінді дейді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір төтеншеліктер өрттің шығуына не себеп болғанын анықтап жатыр.
АСҚАР ШӘРІП, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, өрт сағат 2:57де оқшауланып, тоығымен 3:23те сөндірілген. Жалпы орын алған жайтқа байланысты зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Жалпы төтенше жағдайларды жою барысында департамент тарапынан 33 жеке құрам және 6 техника Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам жне 1 техника тартылды.