Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елбасы мақаласы Жамбыл облыстық партия филиалының активінде талқыланды

AstanaTV
21.04.2017ж. 20:00
2341
Елбасы мақаласы Жамбыл облыстық партия филиалының активінде талқыланды

«Жаңа дамуды көрсеткен жаңа еңбек!» Елбасы мақаласы туралы осындай оң баға "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалының активінде айтылды. Бүгін президенттің пайымды әрі парасатты даму жайлы жазылған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы тараздықтар арасында қызу талқыға түсті.

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Ұлт көсемінің «Жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналмауы керек» деген сөзінде үлкен мағына жатқанын, атап өтті. Яғни дамудың даңғыл жолындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда рухани тазалық пен ашықтықты айқындау керек деді. Ал жарыссөзге шыққан бас партия белсенділері, мақалада Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму жолына түсу керектігін көрсеткенін, ортаға салды. Ал саясатта жүрген облыстың орта буын өкілдері аталған мақалада ел ертеңі - жастар жағы алдыңғы қатарда екеніне қуанады. Ал, жиын соңында Жамбыл әкімі барлық азаматтарды Елбасы мақаласындағы міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырды.

Серікбол Берікқожа, Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мақаланы Елбасы жастарға арнап, бағыттаған деп ойлаймыз. Себебі көп мәселелер - жастардың рухани тәрбиесі, адамгершілігі, олардың білімі мен ғылымға қызығушылық мәселелері - қызу қолданылған. Одан кейін барып жастарымыздың тарихымызды терең білуі, ол тарихты сіңірген азаматтар ғана болашақта ертең үлкен азамат бола алатыны, жоғары белестерді бағындыратынын көрсетті.