Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Тасқын судан жапа шеккен Қостанай облысының тұрғындарына келесі аптадан бастап өтемақы беріледі

AstanaTV
21.04.2017ж. 20:00
2374
Тасқын судан жапа шеккен Қостанай облысының тұрғындарына келесі аптадан бастап өтемақы беріледі

Тобыл өңірінде су тасқынынан келген шығын шамамен 200 миллион теңгеге жуық. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

Қостанай облысында 4 ауданның оннан астам ауылын су басқан. Табиғи апаттан Қарасу өлкесі қатты зардап шекті. Қызыл судың құрсауында қалған 8 елді мекендегі көптеген үйлер бұзылып, төрт түлік қырылған. Арнайы құрылған комиссия қазір шығынның нақты көлемін анықтап жатыр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, келесі аптадан бастап жапа шеккен тұрғындарға өтемақы беріле бастайды. Қаражат жергілікті қазынадан қарастырылып отыр.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

Комиссия өз жұмыстарын жалғасытырп жатыр. Келесі аптадан бастап қырылған мал мен құсқа өтемақы төлейміз. Үйлер бойынша жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Ал, бұзылған үйлер болса, орнына жаңа үй құрылысын жүргіземіз немес сол ауылдан жекеменшікке баспана алып береміз. Бірақ қажетті құжаттары түгел болуы тиіс.