$526.5 €611.64 ₽6.72
×

«Нұр Отан» мен «G-Global» халықаралық хатшылығы әріптестік меморандумына қол қойды

AstanaTV
21.04.2017ж. 20:00
2113
«Нұр Отан» мен «G-Global» халықаралық хатшылығы әріптестік меморандумына қол қойды

«Нұр Отан» партиясы мен «G-Global» халықаралық хатшылығы ғылыми-талдамалық қорларды біріктіруге уағдаласты. Астанада әріптестік жөніндегі екіжақты меморандумға қол қойылды. Тараптар бас қосқан жиында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов Елбасы өз мақаласында рухани жаңғыруға ерекше тоқталғанын атап өтті.

«G-Global» халықаралық хатшылығы 2011 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Бүгінде оған 140 елдің жетекші ғалымдары мен бизнес-қауымдастықтар кіреді. Сондай-ақ үкіметік емес ұйым өкілдерін қамтып отыр. Ендігі жерде бас партия мен «G-Global» халықаралық хатшылығы күш біріктірмек. Әлемдік экономикалық прогрессивті даму жолында пәрменді шешімдерді қолға алу жоспары бар.

Фархад Қуанғанов, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Сарапшылық қауымдастықта бірлесе әрекет етудің маңыздылығы зор. Бұл Елбасы атап көрсеткен жобалардың жүзеге асуына басты қадам болмақ. Құжатта ортақ іс-әрекеттеріміз көрсетілген. Ең алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «G-Global» халықаралық жобасын түсіндіру жұмыстарын қолға аламыз. Энеретикалық тиімділік пен жасыл экономиканы қолдау идеяларын дамытатын ауқымды шаралар өткізіледі.