$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Қазақстан мен Қатар жауынгерлерді бірге даярлайды

09.10.2024ж. 20:00
208
Қазақстан мен Қатар жауынгерлерді бірге даярлайды

Енді Қазақстан мен Қатар жауынгерлерді бірге даярлайды. Қос тарап әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Негізі байланысты нығайтатын бұл құжатқа екі ел былтыр желтоқсан айында қол қойған. Бұл әскери білім беру мен ғылым, әскери медицина, мәдени және спорттық іс-шаралар және жауынгерлік дайындықты арттыруға мүмкіндік бермек. 

ДАРХАН АХМЕДИЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңының 11-бабының 2-тармақшасына сәйкес келісім ратификациялануы тиіс. Келісімді ратификациялау кезінде оны іске асыру теріс әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды.