$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Динара Зәкиева Жітіқарадағы балалар өліміне қатысты пікір білдірді

AstanaTV
11.10.2024ж. 13:36
227
Динара Зәкиева Жітіқарадағы балалар өліміне қатысты пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қостанай облысында өрттен қаза тапқан балалардың жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Astana TV

«Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06.08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешке танысының үйіне кеткен, ал жұбайы жазасын өтеу мекемесінде. Өңірлік уәкіл оқиға орнында. Психологтер балалардың туыстарына қажетті психологиялық көмекті көрсетіп жатыр. Ата-ана мен жақындарына көңіл айтамын», – деп жазды Динара Зәкиева.