$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында "Таза бейсенбі" акциясы аясында тарихи орындарды тазартты

Түркістан облысында "Таза бейсенбі" акциясы аясында тарихи орындарды тазартты

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Таза бейсенбі» апталығын Бәйдібек ауданында өткізді. Экологиялық акцияға қатысушылар бұл жолы оңтүстіктегі бірегей тарихи және тағзым орны – ұлт анасы деп танылған «Домалақ ананың» бейіті маңын тазалады. Партия басшыларынан бастап, депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының белсенділері, елге жанашыр азаматтар жиылып, кесене аумағында күзгі тазалық жұмыстарын жүргізді. Шежірелі аймақты шырайлы мекенге айналдырып тұрған баудың құраған шөптерІ мен ағаштарын кесіп, тал-терекке су жеткізетін арықтарды да тазалады. Айта кетейік, «Таза Бейсенбі» жобасы басталғалы бері аймақта аталған акцияға 12 мыңнан астам адам қатысып, 243 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. Бүгінге дейін «Қожа Ахмет Яссауи», «Ақбура», «Ысмайл ата», «Гауһар ана», «Мұңлық-Зарлық» кесенелерінің аумағында, «Кеме қалған» монументі мен «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» әулиесінің төңірегінде де өткізілді. 

АЛТЫНСАРЫ ҮМБЕТӘЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсатымыз тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Сол себепті де бүгін қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын азаматтарды қатарымызға қосылып, «Таза бейсенбі» акциясына қатысуға шақырамыз.