$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Шымкентте мектеп бухгалтері мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Шымкентте мектеп  бухгалтері мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Шымкентте мектеп бухгалтері мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен № 96 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің бас есепшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мұндай жазаны өзіне сеніп тапсырылған 5 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін арқалады. Прокуратураның мәліметінше, мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. 

ЖАНЕРКЕ АТЫКАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Барлығы 5 164 921 теңге сомасында аударым жүргізілген. Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды. Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.