$498.55 €524.28 ₽4.75
×

"Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады", - Бас прокуратура

AstanaTV
12.10.2024ж. 12:36
298
"Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады", - Бас прокуратура

 Алматы облысында жанжал кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың үйі бүгін түнде өртенді. Бұл жағдайға байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

Бас прокуратура мәліметіне сәйкес, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды. Сондай-ақ қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

- Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.