Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананың оң жағалауын аралады

AstanaTV
25.04.2017ж. 20:00
3310
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананың оң жағалауын аралады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астананың оң жағалауын аралады. Бұл жоспардан тыс шара болды, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы алдымен Елордадағы теміржол вокзалына барды. Тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеп, қалаға келіп кететін жолаушыларға қызмет көрсетіп тұрған нысанның ахуалымен танысты. Вокзал маңындағы алаңда Елорда қонақтарымен және тұрғындармен кездесті.

Қаншаға келдіңдер? Әншейін қонаққа келдіңдер ме? Жұмыс істейсіңдер ме?


Сарыарқа ауданы тұрғындарымен кездескен Елбасы қарапайым азаматтардың хал жағдайын сұрап оларға табыс пен бақ-береке тіледі. Шахардағы коммуналды шаруашылық саласының жұмысы туралы пікірлерін тыңдады. "Мен жас маман ретінде 10 жылға жуық пәтер кезегінде тұрдым. Қазір заман басқа. Ұмтылыссыз ештеңеге қол жетпейді",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Сейфуллин көшесі бойында аялдамада автобус күтіп тұрған қала тұрғындарымен тілдесті. Мемлекет басшысымен ойламаған жерден кездесіп қалған астаналықтар ерекше таңырқаған сыңайлы. Қапелімде не дерін білмей, тосылып қалғандар да болды. Әйелдер жағы балаларға Елбасының қолын ұстатып, ырымдап жатты. Президент «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне дайындықтың маңыздылығы туралы айтып, барлық тұрғындарды елорданы көгалдандыру ісіне белсене атсалысуға шақырды.

Қазір мына ЕХРОға дайындалып жатырмыз. Қаланың тазалығын дұрыстап, қонақтарды күтуге дайындалуымыз керек.