Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Эйр Астана» ұшағының қозғалтқышында май деңгейін көрсететін жүйе істен шыққан

AstanaTV
25.04.2017ж. 20:00
2914
«Эйр Астана» ұшағының қозғалтқышында май деңгейін көрсететін жүйе істен шыққан

«Эйр Астана» ұшағының қозғалтқышында май деңгейін көрсететін жүйе істен шыққан. Бұл туралы компания менеджері Тілек Әбдірахманов арнамызға берген сұхбатында айтты. Аталған әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматыдан Ақтауға бағыт алып, ізінше қайта қонуға мәжбүр болған еді.

Менеджердің мәліметінше, «Эйр Бас-A320 нео» ұшағы жаңа. Былтыр ғана сатып алынған. Қазір ұшақ өндірушілердің нұсқауымен толық техникалық тексеруден өткізіліп жатыр.

Оқыс оқиға бүгін таңертең орын алды. Алматы-Ақтау бағытындағы ұшақ әуежайға қайта қонды. Бұл шешім халықаралық қауіпсіздік процедураларына сәйкес қабылданған. Борттағы 80 жолаушы дін аман. Олар түс ауа басқа ұшақпен Ақтауға жеткізілді. Жыл басынан бері «Эйр Астана» компаниясының ұшақтарынан осымен алтыншы рет ақау шығып отыр.

Тілек Әбдірахымов, «Эйр Астана» компаниясы корпоративтік коммуникациялар департаментінің менеджері: 

Жаңа буын қозғалтқыштар орнатылған. Және біз әрбір оқиғадан кейін өндірушіге осы туралы баяндаймыз. Бізде ангарда «Airbus» зауытының өкілдері, инженерлер бар. Олар бізбен ылғи осылай ұшақты бақылап отырады. Сосын осындай ақауларды түзетуге көмектеседі.