$523.17 €550.06 ₽4.93
×

Ақтөбеде көлік жүргізуші 119 рет жылдамдықты арттырып, 3,5 млн теңге айыппұл арқалады

15.10.2024ж. 20:00
261
Ақтөбеде көлік жүргізуші 119 рет жылдамдықты арттырып, 3,5 млн теңге айыппұл арқалады

Ақтөбеде көлік жүргізушілері екі ай ішінде 58 мыңнан астам құқықбұзушылық жасап, 700 млн теңге шамасында айыппұл арқалады. Оның дені жылдамдықты арттырған. “Лексус” маркілі шетелдік автокөлік иесі 119 рет жылдамдықты арттырған, оған 3,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал көлік айыптұрағына қойылды. Тамыз айының ортасынан бастап қалада 66 жылдамдықты өлшейтін автоматтандырылған бейнебақылау камерасы іске қосылды. Соның көмегімен жылдамдық режимін бұзған 4 мыңға жуық көлік анықталды, оның 400 ден астамы -шетелдік автокөлік. Полицейлердің айтуынша, күніне айыппұл тұрағына осындай құқықбұзушылық жасаған 20, 30 көлік қойылады. {СНХ}

АЙБАР МЕҢДІБАЙҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Шетелдік көліктер көп нарушать етеді. Неге десеңіз. Олар міндетті сақтандыру болмағаннан кейін полистері кім иегері екенін біз таба алмаймыз. Сондықтан олар қарамайды да. Олар ертең біз тіркей алмайды деп ойлайды. Негізі көп нарушать етеді. Көп нұсқама соларға шығарылған. Ақтөбе қаласы ППБ Патрульдік полиция батальоны 42 көлікті жаптық. 35 млнға нұсқама шығарылған.