Бүгін түнде елордадағы жатақханалардың бірінен тағы да өрт шығып, 4 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда. Сарыарқа ауданы Құтпанов көшесі бойындағы бес қабатты жатақхананың дәлізінде қоқыс өртенген.
«ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 2 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ түнде Астананың Есіл ауданы Мереке көшесі бойындағы коттедждің шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлайды Қазақпарат.