$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Балалар жиі ауыра бастаған: Ақмола облысындағы балабақшалардың бірінде бүрге қаптады

AstanaTV
16.10.2024ж. 10:34
309
Балалар жиі ауыра бастаған: Ақмола облысындағы балабақшалардың бірінде бүрге қаптады

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы мемлекеттік балабақшада бүрге қаптады. Ата-аналар қансорғыш жәндік балаларды шағып инфекция таралып жатыр деп дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар бөбекжай қызметкерлері дезинфекция жұмыстарын жүргізуге асықпайды деп ашулы. Ата-аналардың сөзінше, бүрге 2-3 жасар балаларға арналған топтың ішінен анықталған. Тұрғындар жәндіктердің бөлме ішінде жүрген видеосын түсіріп, желіге таратуға мәжбүрміз дейді.

Жеткізуші Павлодар облысындағы балабақшаларға азық-түлікті 300% қымбат сатқан

Тіпті, кішкентай бүлдіршіндер соның кесірінен жиі ауыра бастағанын айтады. Ал білім басқармасының өкілдері 200-дей ұл-қыз тәрбиеленетін балабақшада тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тиісті шара қолданамыз деп сендірді.


"Осы оқиға бойынша арнайы мекеменің қызметкерлері балабақшаға дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге келді. Сондықтан балабақшаны үш күнге жаптық. Балалардың денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік”, – дейді Ақмола облыстық білім басқармасының бас маманы Андрей Майбах.