$498.34 €519.72 ₽4.85
×

“Цифрлық кодексте түсініксіз мәселелер көп”, - сарапшы

17.10.2024ж. 20:00
148
“Цифрлық кодексте түсініксіз мәселелер көп”, - сарапшы

Елде әзірленіп жатқан Цифрлық кодексте шикілік көп. Онда жазылған мәліметтер мүлде түсініксіз. Сарапшылар осылай дейді. Құжатта, тіпті, кибершабуылдың не екені түсіндірілмеген. Бірақ министр мұнымен келіспейді. Жобасына шаң жуытпады. Мұндай кодекс бізден басқа бірде-бір елде жоқ деп ақталды. 

ЖАСЛАН МӘДИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Цифрлық кодекс басқа мемлекеттерде ол жоқ деп ойлаймын. Бірақ Қырғызстанда, Ресейде цифрлық кодекс дайындалып жүр. Бірақ әлі әзірленген жоқ. Біз де осындай жаңа технологиялар туралы, жасанды интеллекет туралы қарастыратын боламыз.

Ал депутат Екатерина Смышляева Цифрлық кодекс цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектті реттеудің жаңа тәсілдерін енгізуге мүмкіндік береді дейді. Бұл технологияға ілесу емес, керісінше, адам қажеттілігінен туындаған дүние екенін айтты. 

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен біраз уақыт жұмыс істедік. Цифрлық кодексті талқыладық. Енді жоба ел алдында, сарапшылармен талқыланады. Бұл жақсы бастама болмақ.