$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Астанада музыкалық мектептің төбесінен су ағып, қабырғасы сыз тартып тұр

17.10.2024ж. 20:00
171
Астанада музыкалық мектептің төбесінен су ағып, қабырғасы сыз тартып тұр

Астанада музыкалық мектептің төбесінен су ағып, қабырғасы сыз тартып тұр. 3 жыл бұрын ғана 120 балаға лайықталып салынған оқу ордасы қазір апатты жағдайда. Бұны аманаттықтар партиялық бақылау барысында анықтады. Қазір оқушылар қауіпсіз жерге көшірілген. Алайда, бұл келіп кетушілер үшін өте ыңғайсыз көрінеді. Енді, жағдай тұрақталып, қайта қалпына келгенше партияның назарында болмақ. 

НҰРЖІГІТ СҰЛТАНБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

Мердігер мекемелерді шақырдық. Олар өздерінің түсініктемесін беріп жатыр. Дегенмен ертең 22 күні партиялық бақылау комиссиясы отырысында осы мәселе тапсырыс берушімен, мердігермен талқыланатын болады. Және сол кезде нақты уақыттармен тапсырмалар берілетін болады.

ЖҰЛДЫЗАЙ ЫСҚАҚ, Р. БАҒЛАНОВА АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕБІ МУЗӘЛЕМ ФИЛИАЛЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Осы уақытқа дейін болған бірақ, биыл шегіне жетіп тұрғаны осы жазда ғой. Жаңбыр жауған кезде шелектеп таситын кездер болды. Ата-аналардың да балалардың да қауіпсіздігі үшін басқа ғимаратқа көшуге мәжбүр болдық. Ол ғимарат Нұрлы жол теміржол вокзалының әкімшілік ғимараты қазір сол жерге көшуге мәжбүр болдық.