Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенге батасын берді

AstanaTV
26.04.2017ж. 20:00
3181
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенге батасын берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемді аузына қаратқан даңқты ұлымыз, әнші Димаш Құдайбергенге батасын берді. Қытайдың «Мен әншімін» тележобасына қатысып, жүлделі оралған жерлесіміз күні кеше елге табан тіреген еді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы жиынында сөйлеген сөзінде Президенттің өзі айтты. Сонымен қатар Димаштың "Тәуелсіздіктің 100 тұлғасы" жаңа жобасына енетінін мәлімдеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Димаш Құдайберген деген баламызды қабылдап, батамды беру үшін кездестім де, біраз кешігіп қалдым сіздерге. Батамды бергенмен бірге, қазақ деген халық өте қатты жақсы көргеннен құшағына қысып өлтіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан байқа дедім.