Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елбасы қоғамдық сананы өзгертуге шақырды

AstanaTV
26.04.2017ж. 20:00
3449
Елбасы қоғамдық сананы өзгертуге шақырды

Өзгені сынамас бұрын, өзіңді өзгерт! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХV сессиясында сөйлеген сөзінде осылай деді. Ұлтқа бөлінуді қою керек деген Президент айрандай ұйып отырған тыныштықты сақтауға шақырды. Әсіре діншілдерге ескерту жасап, қалталы азаматтарға ақшаларымен бөлісу керектігін де ескертті.

Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы қашан да әдемі нотада өтетіндігімен ерекше. Татулығы тұнған ортада Елбасының маңызды мәлімдемелер жасауы да дәстүрге айналғандай. Бұл жолы Президент «заманға сай болғың келсе, өзіңнен баста» деді. Халықты бойына жаңа қасиеттерді қалыптастыруға шақырды. Сана өзгермейінше, қоғам өзгермейтінін, болашақ қазақстандықтың көзі ашық, көкірегі ояу, санасы сау болуы керектігін ұқтырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Человеку надо брать свою жизнь в собственные руки. Между прочим, на Западе это делают лучше нас. А нас научили иждивенчеству. Все. Родился, зарегистрировался, вырос. Если есть, пойдёшь в детский сад, потом будешь октябрёнком, потом будешь пионером, потом будешь комсомольцем, потом закончишь школу, поступишь в университет, не поступишь - в профтехобразование, тебе дадут работу. У тебя есть государственная квартира, от которой никуда ты не можешь уехать. А колхозникам даже паспорта не давали. И всю жизнь до гроба, тебя похоронят, и все, не надо ничего делать, все расписано от рождения до смерти.

Қара жамылып, балағын шолтитқан әсіре діншілдер қазаққа жат дүниеден бас тартуы керек. Президент осы мағынада ескерту жасап өтті. Және дін істері министрлігіне әкімдермен бірге ассамблея кеңестерінің Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс- қимыл жоспарын әзірлеуді жүктеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы все привыкли, что в Казахстане за 25 лет нет таких вот конфликтов: этноконфессиональных и других каких-то. В результате в отдельных государственных органах, а, может, и у нас с вами возникает чувство самоуспокоения. Все это будет так. Я, например, всегда нахожусь в состоянии тревоги. "И мы должны быть все очень внимательны в этом плане. То есть от нас с вами, от нашего единства, и замечать ростки экстремизма и гасить его внутри Казахстана - наша с вами задача. Только тогда мы сохраним спокойствие и будем развиваться.

Президент сондай-ақ жиында бай-манаптарды қайырымдылық жасауға шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сейчас в Казахстане немало зажиточных людей. Правда? Это и хорошо, мы такое общество и создаем. Пусть богатеют, но чтобы в то же время страна богатела и люди работу получали от этого. Вот они могут на свою малую родину прийти и сделать благотворительность? Школу поставить, спортивный комплекс поставить, дорогу, баню построить или там хлебопекарню построить. Это ничего же не стоит, они же заработали. Я обращаюсь ко всем нашим бизнесменам: правительство, государство вам создало условие заработать эти деньги, поделитесь с народом немножко этими деньгами.

Елбасы мәдениетке де ден қойды. Әуезовтің «Абай жол», Нұрпейісовтің «Қан мен тері» сияқты ұлы жазушылардың алып туындыларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару керек деді.  Қазақстан халқының тарихи интерактивті картасын жасауды тапсырды. Электронды карта байырғы қазақ жеріндегі ұлттардың қалыптасу процесін көрсетіп, қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі ерекше миссиясын айқындайды, деп атап өтті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ