$511.22 €540.05 ₽4.73
×

"Алаштанудың өзекті мәселелері: ғылыми зерттеудің әлемдік, отандық арналары" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.10.2024ж. 20:00
398
"Алаштанудың өзекті мәселелері: ғылыми зерттеудің әлемдік, отандық арналары"  атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Еуразия ұлттық университетінде "Алаштанудың өзекті мәселелері: ғылыми зерттеудің әлемдік, отандық арналары" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын алаштанушы-ғалым Сақ Қайрат Өмірбайұлының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Қайрат Сақ- 200-ден аса ғы­лы­ми мақаланың, 500-ге таяу публицис­тикалық еңбектің авторы. Ғалым журналистика тарихында ғана емес, ұлт шежіресінде маңызы зор Алаш қайраткерлерінің баспасөз ісін ұйымдас­тырудағы азаматтық көзқарасы мен ұс­танымдарын жас ұрпақ санасына сіңіру үшін күні бүгінге дейін аянбай еңбек етіп келеді. Алаш тақырыбына арналған әрбір еңбегі қазақ қоғамы үшін де, ғылым үшін де маңызды. «Қа­зақ» газетінің тарихы мен тәжірибесін зерттеп, гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларды іске асырып, бірнеше оқу құралы мен монография жазды. 

КЕНЖЕ ЖҰМАҒҰЛОВ, "ЕВРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ" ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Қазақстандағы және шетелдегі біздің факультетті білетін, біздің факультетпен қарып қатынасы бар ғалымдар, журналистер, жазушылар барлығы келу үстінде. Мен өзім ойлаймын осы 10 жылдан артық жұмыс істеген уақытта Қайраттың еңбегі осы факультеттің дамуына, факультеттің қарыштап алға басуына үлкен үлес қосты.

Ғылыми конференцияға отандық және шетелдік жүзге тарта ғылыми еңбек келіп түскен. Арнайы талқылаулардан соң, ұсынылған еңбектердің барлығы біріктіріліп, кітап болып жарық көреді.

АМАНГЕЛДІ МЕЙРАМҰЛЫ, КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Офлайн және онлайн форматта біздің жаңағы шетелдік қонақтарымыз соның ішінде Түркия, франция, Қырғыстан, әзербайжаннан әріптестеріміз, түрлі факультет декандары болсын, кафедра меңгерушілері қосылып өз лебіздерін білдіретін болады.