$447.14 €499.54 ₽5.46

Марал Төлепберген ширек финалға шықты

Марал Төлепберген ширек финалға шықты
ҰОК

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Марал алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.