$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биыл 14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

22.10.2024ж. 20:00
274
Биыл  14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Олардың 45 проценті Қытайдан, 39 пайызы – Өзбекстаннан, 5 проценті – Моңғолия мен Түрікменстаннан, 2 пайызы – Ресейден келген. Оралғандардың 57 проценті еңбекке қабілетті. Ал 9 пайызы зейнеткер. Жоғары білім алғандарының саны 17 процент болса, 3 пайызының білімі жоқ.

Көшіп келгендерге мемлекет көмектеседі. Бір мезгілде отбасындағы әр адамға 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша бөледі. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге тағы 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін қаржы тағайындалады. Жыл басынан бері 2140 тұрғынға осындай қолдау көрсетілді. 575 адам тұрақты жұмысқа орналасты.