$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің тұрғындары жарыққа жарымай отыр

22.10.2024ж. 20:00
278
Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің тұрғындары жарыққа жарымай отыр

Қызылжарда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің тұрғындары жарыққа жарымай отыр. Былтыр және алдыңғы жылы қолданысқа берілген қос тұрғын үйдің шикіліктері енді шығып жатқан көрінеді. Баспана “Бақытты отбасы” бағдарламасы аясында бой көтерген. Тұрғындардың айтуынша, электр жүйесі жиі істен шығады. Қараша тіпті тәуліктеп қараңғыда отыруға мәжбүр. 

ҒАФУРА БӨСТЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жарық айына бірнеше рет сөнеді. Үйде газ жоқ, электрплиталар орнатылған. Тіпті тамақ пісіре алмай, қиналамыз. Азық-түліктің бүлінуі өз алдына. Көрші үйде тұрған дүкенге барып, шәйнек қыздыруға тура келеді.

ЕВГЕНИЯ КОМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз бұл үйді алу үшін 10 жыл бойы кезекте тұрдық. Арманымызға жетіп, осыншама қиналамыз деп ойламап едім. Жарық сөнген кезде үй суып кетеді. Қыста не боларын КІМ білсін.

Ал шенеуніктер ақау тек негізгі электр желісінде емес, қосымша тоқ көзінде де бар дейді. Қазір жауапты тұрғалар мәселені шешу үстінде. {СНХ}

ЕРЖАН МҰСТАФИН, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең алдымен біз негізгі электр желісін қалпына келтіруіміз керек. Сосын қосымшасына көшеміз. Бұл жаңадан салынған шағын аудан. Жер астындағы электр желілері бір-бірімен қабаттасып жатыр. Біз мердігерлерден жұмыстың сапалы түрде жасалуын талап етіп жатырмыз.