Астанада
лифттерге қызмет көрсететін компаниялардың басым бөлігінде арнайы мамандар
жетіспейді. Салдарынан олқылықтар көптеп орын алады. Жедел сатылардың жұмысынан
жиі-жиі ақау шығатыны да содан. Тұрғындардың қауіпті жағдайларға тап болатыны
тағы бар. Бұл мәселені қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы да
жасырмайды. Дәуренбек Бақдәулетұлы лифтлер мен оларды күтіп ұстауға тиісті
компаниялардың жұмысына үңіліп көрді.
"Эдем
палас-2" тұрғын үй кешеніндегі екі бірдей оқыс жағдайдан соң Астана әкімі
Әсет Исекешов 10 күн ішінде барлық лифт шаруашылығымен айналысатындарды
тексеруді тапсырған. Қаржыландыру көздері мен мамандардың біліктілігі де
ескерілуі тиіс, - деді әкім.
Наталья
Данилова, «Эдем Палас-2» ТК тұрғыны:
Мұнда
2 лифт қана бар. Ал сараптама қорытындысы бойынша 3 лифт болуы керек екен. Мына екі лифт шамадан тыс көп жұмыс істейді.
Салдарын 13-ші сәуір күні бәріміз көрдік.
Тұрғын
үй инспекциясының өкілдері бұл кешендегілерге лифт жұмысында ақау бар екені
былтыр ескертілген дейді. Алайда, бұдан айтарлықтай пайда болмаған сыңайлы.
Әлихан
Қуатбеков, Астана қаласы тұрғын үй
инспекциясы басқармасының басшысы:
Бұл
жалғыз осы үйге емес, басқа да осындай жағдайдағы мекемелердің басшылығына
тапсырылған. Олар олқылықты жөндетті. Ал, мына тұрғын үйде ол жұмыс орын алған
жоқ. Өткендегі авариялық жағдай сол жұмысты орындамағанның көрінісі.
Тұрғын үй инспекциясының ақпарынша, Астанада барлығы 6400 лифт қондырғылары орнатылған. Олардың 4777-сі тұрғын үйлерде. Елордада лифтлерге қызмет көрсететін 70- ке жуық компания бар. Оның 30-ы жұмысын жүйелі атқарады, 40 компания тиісті нормаға сай емес.
Әлихан Қуатбеков апатты жағдайдың артып кетуінің тағы бір себебін атады. 2012 жылы лифтлерге қызмет көрсетуші компанияларды «лицензиялау» алынып тасталған. Бұл жағдай тиісті міндетін сапасыз атқаратын компаниялардың артуына себеп болған.
Евгений Погорелов, «Астанаситилифт» ЖШС инженері:
Соңғы уақытта міндетті лицензиялау алынып тасталғаны рас. Енді механик куәлігі бар кез келген адам жедел сатыларға жөндеу жүргізе алады. Тек ТКШ-мен келісімшарт жасасуы тиіс. Ол кешенді жұмыстарды мүлде жүргізбейді. Келеді де айлығын алады. Ал апатты жағдайдан соң ТКШ басшысы «біз қызмет көрсетуші компанияны ауыстырамыз» дейді. Лифтілердің қызмет көрсету мерзімі 25 жылдан аспайды.
Лифт шаруашылығының ақпаратынша, Қазақстанда көбіне Белоруссия, Ресей, Корея және Қытай мемлекеттерінен келген лифтілер пайдаланылады. Соңғы екеуі, мамандар пікірінше, әлдеқайда сапалы. Бағасы да соған сай, 6-8 миллион теңге арасында. Ал, Белоруссия және Ресей өнімі 5 миллионнан аспайды. Сәйкесінше сапасы да төмен.
Дәуренбек Бақдәулет, тілші:
Енді ПИК-ін таңдаған секілді, үйдегі жедел сатыға қызмет көрсетуші компанияны таңдау да тұрғындардың еркіне беріліп отыр. Мамандар қауіпсіздікке немқұрайлы қарамай, қызмет көрсетуші компаниялардың жұмысын бақылап отыруға кеңес береді. Өйтпеген жағдайда, әлгіндей жағдайлар ертең сіз тұрған үйде қайталанбайтынына ешкім де кепілдік бермесі хақ.