$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматылық кәсіпкер тасқыннан зардап шеккен отбасына үй алып бермек

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
2091
Алматылық кәсіпкер тасқыннан зардап шеккен отбасына үй алып бермек

Алматылық кәсіпкер баспанасы суға кетіп, далада қалған отбасына үй алып бермек. Ол әлеуметтік желіде жылап, көмек сұраған ақтөбелік қаршадай қызды көріп, ерекше толқығанын айтады. Дегенмен, Ақтөбе қаласының әкімдігі кәсіпкер таңдаған үй өзен жағасында орналасқандықтан, құжат беруге қарсы. Әрі инженерлік желілері тартылмағанын айтты.

Лариса Томчук, Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Ол үй демалыс аймағында орналасқандықтан, жеке тұрғын үй ретінде қолдануға келмейді. Оның үстіне өзенге жақын, тағы да су тасып жатса, астында қалуы мүмкін.

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген басқа ыңғайлы баспана тауып қойғанын айтады. Дегенмен, өздері көрген үй Махаббат пен оның анасына қатты ұнағандықтан, қала әкімдігінен құжат рәсімдеуге көмектесуін өтінбек. Кәсіпкердің өзі алдағы күндері Ақтөбеге бармақшы.

Қайрат Құдайберген, кәсіпкер:

Пәтерлерді қарадық. Бір 90 квадрат жақсы ауданда, жақсы пәтерді таптық. Соны алатын шығармыз деп отырмыз. Бірақ, әкімшіліктен ойлап отырмыз, бір көмек беретін шығар деп, жер телімінің целевкасын өзгертсе, нұр үстіне нұр болатын еді.