Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда алдағы демалыс күндері тасқын қайталануы мүмкін

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
2535
Қызылжарда алдағы демалыс күндері тасқын қайталануы мүмкін

Қызылжарда алдағы демалыс күндері тасқын қайталануы мүмкін. Шенеуніктер халықты қамдануға шақырды. Есілге құятын шағын өзендерде су деңгейі көтеріліп келеді. Мамандар Сергеев су қоймасында мөлшердің көбеюін күтіп отыр. Петропавлда жағдай өзгеріссіз. Ал Қызылжар ауданында қауіп сейілмей тұр. Алакөл көлі арнасынан асып, елді мекенге су кіре бастаған. Құзырлы органдар табан астынан жаңа дамба тұрғызып жатыр. Осыған дейін хабарлағанымыздай, топан судан Солтүстік Қазақстанда барлығы 300-ден астам үй зардап шекті.

Антон Федяев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

Тасқын шайып кеткен 12 үйдің орнына бюджет қаражатына жаңа баспана сатып алу мүмкіндігін қарастырамыз. Ауданда құрылған қайырымдылық қорына 6 миллион теңге жиналды. Бұдан бөлек 2,5 миллион теңгенің азық-түлігі пен жем-шөбі, 800 мың теңгеге құрылыс материалдары берілді.