Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматы облысында туберкулезге шалдыққан тәрбиеші балабақшада жұмыс істеген бе?!

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
3495
Алматы облысында туберкулезге шалдыққан тәрбиеші балабақшада жұмыс істеген бе?!

Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі балабақшада дау шықты. Бүлдіршіндермен жұқпалы науқасы бар маман жұмыс істеп келді деген күдік бар. Ауруын жасырған әйелдің туберкулезге шалдыққанын жергілікті дәрігерлер растады. Мұны естіген ата-аналар сәбилерін үйлеріне алып кеткен.

Балабақшада туберкулезге шалдыққан адам жұмыс істейді деген ақпар жергілікті емханадан шыққан. Тәрбиеші медициналық мекемеге тексерілуге барғанда, дәрігерлер осындай диагноз қойыпты. Ол мектепке дейінге мекемеге бір жарым жыл бұрын жұмысқа тұрған. Мұны естіген ата-аналар сәбиін балбақшаға жіберуден бас тартып отыр.

Балалардан палочка шыға ма, шықпай ма, олардың денсаулғына ешкім жауап бере алмайды енді.

Бұл оқиғадан соң эпидемиологтар науқас адам жұмыс істеген кабинетті санитарлық өңдеу үшін жауып тастаған. Алайда ата-аналар құрт ауруына шалдыққан әйелдің өзге балалармен де тікелей қарым-қатынаста болғанына сенімді. Кейде тәрбиеші кешкісін қалып, кезекші топтарда өзге балалармен жұмыс істеген, дейді олар.

Нұрахмет Шабатаев, «Сұңқар» балабақшасының директоры:

Санитарная книжкада барлық штамп тұр. Тіпті флюрографиядан өткен. Дәрігерлердің қолдары да тұр.

Балабақшада 330 бала тәлім алады. Мекеме басшысы қол астында жұқпалы ауруға шалдыққан адамның жұмыс істейтінінен бейхабар болғанын айтады. Қазір жергілікті дәрігерлермен бірігіп, әр баланың денсаулығын жеке-жеке тексеруге шешім қабылданған. 

Нұрахмет Шабатаев, «Сұңқар» балабақшасының директоры:

Дәрігерлер балалар манту жасап, үш күн жұма, сенбі, жексенбі жұмыс істейді. Ал бірінші мамыр күні поликилиника біздің балалар үшін жұмыс істеп, результатын шығармақшы.

Маманның туберкулезбен ауыратынын Іле ауданы орталық емханасының өкілдері растап отыр. Бірақ науқастың құрт ауруының ашық әлде жабық түріне шалдыққанын сараптама қорытындысы көрсетеді.

Майра Егембердиева, Алматы облысы Іле аудандық емханасының бас дәрігері:

Арнайы медициналық процедуралар мен мамандандырылған мекемеден қорытынды күтеміз. Ал балабақшада залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Демалыс немесе мереке күндеріне қармастан, балалардың денсаулығын жіті тексереміз.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Дәрігерлер, «Сұңқар» балабақшасындағы бұл оқиғадан соң, қазір аудандағы мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлердің денсаулығын тексеруді бастаған. Ал жұқпалы дертке шалдыққан әйелдің санитарлық кітапшасына мөр басқан дәрігерлер де анықталатын болады. Онымен жергілкті прокуратура қызметкерлері айналыспақ.