Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сенатор Президенттік тестті жеңілдетуді ұсынды

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
4426
Сенатор Президенттік тестті жеңілдетуді ұсынды

Спорт саласының қаржыландыру механизмі өзгеруі мүмкін. Ақшаның ашықтығын қамтамасыз ету үшін теңгелерді корпоративті қор арқылы бөлу керек. Сенат депутаты Дариға Назарбаева Парламенттің жоғарғы палатасында заң жобасын таныстырған мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына осындай ұсыныс айтты. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасын сенат екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Алайда сенатор Назарбаеваның айтуынша, «Бұл заң жобасының бұқаралық спортты дамытумен, саламатты өмір салтымен еш байланысы жоқ. Аталған заң жобасы мемлекеттік органдар мен олимпиада комитеті арасындағы ақша мен билікті бөлумен шектеледі. Нәтижесінде тек кәсіби спортты дамытуға ден қойылады. Ал бұқаралық спорттың ақсап жатқанын айтты. Жалпы спортқа ел бюджетінен бөлінетін  19 миллиард теңге мен жергілікті жерден берілетін 67 миллиардтан бұқаралық спортқа тек 9% бұйырады екен. Сондықтан сенатор бұқаралық спортқа берілетін ақшаны жалпы қаржыландырудың 30 пайызынан кем қылмауды ұсынды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Спорттың ірі демеушілері - «Самұрық-Қазына» қоры мен мәдениет және спорт министрлігі. Бірақ әр орган ақшаны өз бетінше бөледі, бір-біріне есеп бермейді. Бөлінетін қаржыны сақтай отырып, даму қоры корпоративті қор арқылы спортты бір көзден қаржыландырса, деген ұсыныс бар. Сонда ақшаны бөлу ашық болады.

Дариға Назарбаева сонымен қатар Президенттік тесттің талаптарын жеңілдетуді ұсынды. Оның есебінше, өткен жылы тест тапсырмақ болған 5 млн адамның тек 70 мыңы сынақтан өткен. Сенатор бұқаралық спортты дамыту үшін мектептер тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керектігін де алға тартты. Депутаттың айтуынша, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы сенатордың ұсыныстарын ескеріп, өзгерістерді күзде жаңа заң жобасына енгізуге уәде берген.