$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Ақтөбеде ауыл әкімдерінің форумы өтті

28.10.2024ж. 20:00
296
Ақтөбеде ауыл әкімдерінің форумы өтті

Ақтөбеде алғаш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті. Форумда «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру барысы талқыланды. Ауыл әкімдерінің міндеті - әлеуметтік саланы жаңғыртып, тұрғындардың әл-ауқатты жақсарту. Тоғыз ай ішінде халықтан 3200 ден астам арыз-шағым түскен. Бүгінде соның алпыс пайыздан астамы орындалды. «Аманат» партиясы еліміз бойынша 13 маңызды жобаны жүзеге асырылып жатыр. Облыста «Ауыл аманаты» бойынша 2,5 пайызбен 15 млрдтан астам несие берілген. «Жер аманаты» жобасы арқылы 560 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы мыңдаған азамат қаржылық сауаттылығын арттырып, тұрмысын реттеген. 

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Форумның негізгі мақсаты - облыс әкімдерімен бірге «Аманат» партиясы осы ауыл әкімдерімен жақсы бір келелі әңгіме жүргізіп, кері байланысты күшейтіп, түс қайта панельдік сессияда біз ауыл әкімдеріне семинар өткіземіз. Ол жерде Астанадан келген мамандарымыз бар. Заң аясында, бюджет мәселесіне келгенде ауыл әкімдерінің біраз сұрақтары бар. Соған біз семинар арқылы көп жауап береміз. Сол арқылы ауыл әкімдерінің жұмыстарында бірақ жүйелік пайда болады деп.

Хромтау ауданына қарасты «Тассай» елдімекенінде жұмыссыз адам жоқ. Халық шаруа қожалықтары мен өңдіріс орындарында толықтай еңбекпен қамтылған. «Ауыл аманаты» жобасы негізінде ашылған үш жылыжай жұмыс істеп тұр. Ауылға ауыз су, жарық, көгілдір отын, интернет барлығы келіп тұр. Жолдарға тас төселген, мектептер күрделі жөңдеуден өтіп, әлеуметтік мәселелер шешілген. 

ЕРБОЛ ӘБДІРОВ, «ТАССАЙ » АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

2025-2027 жылға өзіміз жоспарлап отырған қазір Президентіміздің тапсырмасына сәйкес суармалы егіншілікті көбейтіп, ауылда 1 гектарға жететіндей егістік алқабын қолданысқа енгізгіміз келеді. Мал азығы қорын өлшемін біліп алғаннан кейін сүтті тауарлар фермасын салу ауылда жоспарда бар.