$495.2 €522.34 ₽4.94
×

"Бұқаралық спорт дамысын дейміз, бірақ оны тексеретін тетік жоқ", - Мәжіліс депутаты

28.10.2024ж. 20:00
125
"Бұқаралық спорт дамысын дейміз, бірақ оны тексеретін тетік жоқ", - Мәжіліс депутаты

Биыл 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін қатысқан. Бұған жергілікті бюджеттен 44,8 млрд теңге бөлініпті. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы республикалық жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жиында сондай-ақ бұқаралық спортты дамытудың проблемалары талқыланды. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, бұқаралық дене шынықтыру Олимп шыңын бағындыратын жаңа чемпиондардың бірінші сатысына айналу керек. Қазір елімізде 260 мыңнан астам бала қатысатын 780-нен астам балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бюджеттен қаражатты береміз аямай. Бұқаралық спорт дамысын дейміз, бірақ оны тексеретін тетік жоқ. Бұқаралық спортпен балалар спорты сөз жүзінде дамыды дегені болмаса, өкінішке орай іс жүзінде атқарылған шара өте аз. Бүгінгі кеңесті ұйымдастыру барысында біз алдымен 20 аймақтағы өңірлік кеңестерімізді жасадық.