$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысы Жамбыл ауылында жаңа мәдениет үйі қолданысқа берілді

28.10.2024ж. 20:00
161
Алматы облысы Жамбыл ауылында  жаңа мәдениет үйі қолданысқа берілді

Мерекеге орай Алматы облысында бірнеше нысан ел игілігі үшін қолданысқа берілді. Жамбыл ауылында 3 жылдан бері құрылысы бітпей тұрған мәдениет үйінің лентасы қиылды.

Мәдениет үйінің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде басталып, Жамбыл ауылының тұрғындарының көңілі шат-шадыман болған еді. Дегенмен, көптің қуанышы ұзаққа созылмай, мердігердің міндеттемелерді жоспарға сай орындамауына байланысты құрылыс мерзііінде аяқталған жоқ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы қызмет аталған мәселені Қоғамдық Кеңес отырыстарында бірнеше рет қарастырған. Нәтижесінде, мәдени ошақтың жобасы жаңа мердігер компанияға міндеттелді.

БЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ, РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір мәдениетке, білімге, денсаулық сақтау саласына мемлекет басшысы үлкен көңіл бөліп, біздің болашағымыз осыдан басталады деп, кешенді жоспардың арқасында біздің шалғайда жатқан ауданымыздың бір ауылында осындай мәдениет үйі салынып жатыр. Бір емес, бірнешесі салынып жатыр бүгінгі таңда.

СӘДУАҚАС МҮТӘЛИЕВ, «АЛМАТЫ-CONSTRUCTION.БМ» ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Былтыр тендердан ұтып алдық. Март айынан бастадық, 9 ай уақыт берілген, 8 жарым айда өткізіп жатырмыз. 392 миллион ақша төленген, сол ақшаға осы қалған жұмыстарын жасап бітіріп, оборудованиесы, аппаратуралары, техникасы жабдықталған. Барлық мебельді орын - орынынақойдық.  180 орынға үлкен актовый зал сценасыменен, 10 шақты кабинет бар.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары ағыла келді. Жергілікті басшылар халықты құттықтап, ақсақалдар батасын беріп, ақ жаулықты әжелер кәде-сыйларын тарту етті. Осы өлкеде кіндік қаны тамып, есімі елге танылған азаматтар сөз сөйледі.

БАУЫРЖАН ҚАПТАҒАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ:

Осы кішкене ауылдың өзінің ұйымшылдығы бір керемет нәрсе. Мынау көшенің бәрін асфальттатып жатыр. Мектебіміз жаңарып қазір керемет компьютер қойылған бәріне. Енді мынау Құдайға тәубә үлкен мәдениет ошағын ашып жатыр. соның өзі мынау ауыл үшін, жер үшін, ел үшін әсіресе жастар үшін үлкен бақыт деп мен есептеймін.

Айта кетейік, жергілікті билік өкілдері тағы бірнеше әлеуметтік нысан құрылысына қаражат бөлініп жатқанын және алдағы уақытта қолданысқа берілетінін атап өтті.