Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өндіріс қалдықтары қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қысқартылуы керек – «Нұр Отан»

AstanaTV
28.04.2017ж. 20:00
4126
Өндіріс қалдықтары қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қысқартылуы керек – «Нұр Отан»

Өнеркәсіп қалдықтарын қысқарту көрсеткіштері қағаз жүзінде қалмауы керек. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері Өскемендегі титан-магний комбинатын аралаған "Нұр Отан" фракциясы мүшелерінің назарына ілікті.

"Индустриялық даму" бағыты бойынша комиссия мүшелері заманауи өндіріспен танысты. Комбинатты жаңғырту бағдарламасы аясында қайта өңдеу циклдары, шикізаттан дайын өнімге дейінгі процесс толығымен жаңарған.

Қолданыстағы көптеген технологиялық процестердің әлемде баламасы жоқ. Бұл жерде қанатты металл - титан өндіріледі. Нұротандықтар, жаңа технологияларды енгізу экологиялық бағдарламалармен қатар жүруі керек, деген пікір білдірді. 

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Облыста бұл бағдарлама сәтті енгізіліп, бүгінде өз жемісін беріп үлгірді. Егер ластану қарқыны былтыр 11 % төмендесе, биыл экологиялық бағыттағы бағдарламаны енгізу арқылы бұл көрсеткіш 6% дейін жетті. Өңірдегі іргелі кәсіпорындар өндірісті модернизациялау процесі тазалау құрылғыларын міндетті түрде жаңғырту ісімен қатар жүру керектігін айтып отыр. Бұл бағдарламаның бір бөлшегі болуы керек. Сондықтан осы мәселені өз бақылауымызға аламыз.